Жаңалықтар

INTELLIGENT BUILDING EXPO: КӨРМЕНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Intelligent Building Expo ғимараттарды басқару жүйелерінің халықаралық көрмесі 5-6 сәуірде Астана қаласындағы «EXPO» ХКО-да табысты өтті. Бұл энергияны үнемдеуге, пайдалану тиімділігін арттыруға және ғимаратты пайдаланушылардың қанағаттануын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кез келген өлшемді ғимараттар үшін ең жаңа шешімдерді ұсынған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған көрме.

Жабдықтарды жетекші өндірушілер мен берушілер көрмеде ғимараттарды автоматтандыру және диспетчерлеу, үй мен қалаға арналған ақылды шешімдер, энергия тиімділігі, экологиялылық, жарықтандыру, жылыту, желдету және ауа баптау саласындағы ең жаңа технологиялар мен өнімдерді ұсынды. Қатысушылар арасында Esylux, GMC company, Eurotherm, Tion, Яндекс.Станциялар, Smart House, Connected Home және басқа да көптеген компаниялар болды.

Қазақстанның 18 қаласы мен әлемнің 11 елінен 3400-ден астам маман көрмеге келді. Бұл көрме білім мен тәжірибе алмасу, жаңа келісімшарттар жасасу және қатысушылар арасында іскерлік байланыстар орнату үшін табысты алаңға айналды.
Intelligent Building Expo көрмесіндегі компаниялардың жаңа өнімдері

Қазақстан нарығында зияткерлік автоматтандыру саласындағы көшбасшы болып табылатын Smart House компаниясы «ақылды үй» жүйесін жобалау, монтаждау және жеке баптау, сондай-ақ BMS (Building Management System) жүйелерін құру бойынша өз қызметтерін ұсынды.

Tion компаниясы ауа тазартқыш режимінде жұмыс істеп, үй-жайдың ішіндегі ауаны сүзе алатын Tion Бризер ықшам желдетуін ұсынды. Eurotherm компаниясы Swegon компаниясының GOLD RX роторлы рекуператоры бар жиынтықты ағынды-сорғылық қондырғысын, сондай-ақ ағынды және сорғылық ауаның сүзгілерін ұсынды.

Көрмеде Яндекс.Станциялар компаниясының әртүрлі үй-жайларды автоматтандыруға арналған көптеген функциялары бар дауыстық ассистенті – Алиса да ұсынылды.
Іскерлік бағдарлама

Intelligent Building Expo көрмесі компанияларға іскерлік бағдарламаның конференцияларында нарықтың өзекті мәселелерін талқылап, жұмыс процестерін жақсартуға бірегей мүмкіндік берді. Саланың 70 жетекші сарапшысы 600-ден астам тыңдаушының басын қосып, өз тәжірибесімен және білімімен бөлісті.
6 сәуірде «Ғимараттарды салуға, жаңғырту мен тиімділігін арттыруға арналған шешімдер» конференциясында «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы QAZPROPERTY басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығымен және «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесе отырып, Building Property Expo құрылыс, девелопмент және ғимараттарды басқарудың халықаралық көрмесін ұйымдастырудағы әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Көрме 2023 жылғы 18-20 қазанда Астана қаласындағы «EXPO» ХКО-да өтеді.

«Ғимараттарды салуға, жаңғырту мен тиімділігін арттыруға арналған шешімдер» конференциясы Қазақстандағы ең ірі «KAZGOR» жобалау ұйымымен әріптестікте өтті. Конференция шеңберінде сала көшбасшылары BIM-ді қолдану тиімділігін, жылжымайтын мүлікті пайдалану кезіндегі шығыстарды оңтайландыруға арналған технологияларды, энергия шығындарын азайту және микроклимат сапасын арттыру құралы ретінде математикалық модельдеуді және басқа да көптеген мәселелерді талқылады. Конференцияның басты назарында озық технологияларды дамыту мен пайдалану, энергия тиімді мәдениетті тарату, әлемдік үрдістер мен қатысушылардың іске асырылған кейстерінен ұсынымдар болды.
Intelligent Building Expo көрмесіне келу және іскерлік бағдарламаның іс-шараларына қатысу осы серпінді, алуан түрлі нарықтың барлық қатысушыларына өз міндеттерін шешу үшін мүмкіндіктер табуға, қажетті жабдықтар мен технологияларды берушілерді таңдауға, сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді талқылауға, сенімді түрде алға жылжу үшін қажетті өзекті практикалық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қатысушылардың стендтеріндегі аншлаг пен келушілердің, қатысушылар мен спикерлердің оң пікірлері Intelligent Building Expo көрмесі Қазақстандағы ғимараттарды басқару жүйелері индустриясының сұранысқа ие бизнес-алаңы екенін дәлелдейді. Мұнда жаңа әріптестерді тауып, жұмыс істеп жүргендерімен кездеседі, кәсіби ақпаратпен алмасады. Intelligent Building Expo көрмесі еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандарды біріктіріп, жағымды эмоциялар мен жаңа идеяларға толы бірегей атмосфера жасады.

Көрмені ұйымдастырушылар – UFI дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының қазіргі мүшесі және Қазақстандағы конгресс-көрме іс-шараларын ұйымдастыру саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылатын «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы.

Келесі Intelligent Building Expo 2024 көрмесі 2024 жылғы 3-5 сәуірде «EXPO» ХКО-да өтеді.