2023 жылғы 20 – 22 сәуір аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында гүл өсіру, бақ шаруашылығы, ландшафттық дизайн, қала сыртында құрылыс салу және жайластыру салаларындағы кәсіпқой мамандардың басты кездесу орны – Flora | Garden | Village Гүлдер. Бақ. Қала сыртындағы үй халықаралық көрмелері өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушы: «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы. Бірге ұйымдастырушы: FlowersExpo/ГүлдерЭкспо» халықаралық көрмесін ұйымдастырушы – «ГринЭкспо» көрме компаниясы (Ресей).
Тіркеу демеушісі: Florexim BV – жаңа кесілген гүлдерді, құмырада өсірілетін өсімдіктерді, көшеттер мен баданаларды жеткізу бойынша толық қызметтер кешенін көрсететін Нидерланд компаниясы.
Сонымен қатар, мынадай 3 салалық көрме: Flora Expo Astana 10-шы халықаралық гүл өсіру және көгалдандыру көрмесі, Garden Expo Astana халықаралық бақ шаруашылығы мен ландшафттық дизайн көрмесі және Village Expo Astana 6-шы мамандандырылған қала сыртында құрылыс салу және жайластыру көрмесі өтті.

ҚАТЫСУШЫЛАР
Көрмелерге Беларусьті, Нидерландты, Италияны, Қазақстанды, Колумбияны, БАӘ-ні, Кенияны, Ресейді, Израиль мен Эквадорды қоса алғанда, әлемнің 10 елінен 100-ден астам компания қатысты.

Павильонда келесі тақырыптық бөлімдер бойынша жаңа өнімдер мен бестселлерлердің кең таңдауы ұсынылды: кесілген және құмырада өсірілетін гүлдер, өсімдіктер, отырғызу материалы, баданалар, ағаштар мен бұталардың көшеттері, өсімдіктерді күту және қорғау жөніндегі құралдар, көгалдандыру қызметтері, флористика және дизайн, техникалық шешімдер, бақты жайластыру, бақша жиһазы мен құралдары, қала сыртында құрылыс салу және көгалдандыру және т.б.
Осы көктемнің көптен күткен оқиғасы – Flora Expo Astana негізгі көрме болды, онда жетекші әлемдік өндірушілер мен өнім берушілерден гүлдер мен өсімдіктер ассортиментінің жаңалықтары ұсынылды.
Ең үлкен шетелдік экспозиция гүлдерді сату бойынша әлемдік көшбасшы – Нидерланд Корольдігінде болды. Нидерланд делегаттарының арасында: Deliflor Chrysanten, Enigma Flowers Trading BV, Dekker Chrysanten, Linflowers Chrysanten, Kebol BV, Decorum, Vannova, 247flowers.online, Zentoo, FEX BV, Flower Planet BV, USPI Company BV және т.б.

Жоғары сапалы гүлдерді жетекші әлемдік беруші – эквадорлық Royal Flowers Group компаниясының стенді жарқын экспозициялардың бірі болды.
Henry Bonnar компаниясының стенді ең үлкен халықаралық стенд болды, ол Alexandra Farms, Red Lands Roses, Florecal, Sky Flowers, Capiro, Diemme Fiori, Flower Exchange Group, ФлористПак, Elite Flowers және OZ Export BV сияқты еңбегі сіңген әлемдік брендтермен бірге қойылды. Ірі қазақстандық компания келушілерге Голландиядан, Колумбиядан, Эквадордан, Кениядан, Израиль мен Италиядан Қазақстанға гүлдерді экспорттау бойынша өз қызметтерін ұсынды.
Көрмеге алғаш рет жас қарқынды дамып келе жатқан BloomX Kazakhstan компаниясы Эквадордан келген жоғары сапалы раушан гүлдерін өндірушілер – Business Ecuador, Edana Floralba және Quimbiamba Flowers компанияларымен бірлесіп қатысты.
Жергілікті Zhuldyz flowers гүл компаниясы Колумбиядан, Эквадордан, Нидерландтан, Кениядан, Израильден, Түркия мен Өзбекстаннан әкелінген кесілген гүлдер мен бөлме өсімдіктерін көрсетті, сондай-ақ қызғалдақ, альстромерия, қалампыр, лизиантус, таушымылдық, фрезия, ақкeкірe және бақытгүл сияқты жергілікті гүлдерді өндіру жөніндегі өз жылыжайынан өнімдерді көпшілікке көрсетті.

АТЭНА жылыжай кешенімен бірге жаңа кесілген гүлдерді, құмырада өсірілетін өсімдіктер ауыл шаруашылығы мақсатындағы және жылыжай шаруашылықтарына арналған жабдықтарды жеткізу бойынша брокерлік және көлік қызметтерін ұсынған Цветочный путь компаниясы үлкен және жарқын стенд құрды.
Garden Expo Astana бақ шаруашылығы мен ландшафттық дизайн көрмесінің экспозициясына алғаш рет үй мен баққа арналған тауарларды ірі беруші БАҒБАН КЗ қатысты. Компания келушілерді баққа арналған құрал-жабдықтардың, тыңайтқыштар мен отырғызу материалдарының кең ассортиментімен таныстырды.
Германияның Kärcher компаниясы бақ пен үй маңындағы аумаққа күтім жасау бойынша жаңа техникасын көрсетті.

Village Expo Astana қала сыртында құрылыс салу және жайластыру бойынша мамандандырылған көрмесінің көше экспозициясында Қазақстандағы кесілген ағаш материалдарын жетекші беруші PS Group – Лесная биржа ағаштан жасалған жоғары сапалы модульдік үйлер мен моншаларды көрсетті.
Нарықта белсенді жұмыс істейтін Art Flowers, Nicole, Royal Flowers, FlorExpress, Fashion Garden, BiFlorica, Little Garden, Japyraq, Florist Cloud, FloraLogistic, TM Plants, Тюльпаново, Enigma Roses, Dolina Agro, Ultraflo, Dress Flowers, Urbio, Pool Service, Шағын сәулет нысандары, StrogoOrganic, Zion Kazakhstan, Пирмин Строй, QazGrill сияқты және басқа да компаниялардың экспозициялары өздеріне үлкен назар аудартты.

ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМА
Flora | Garden | Village көрмелері негізгі салалық оқиға ретінде өзінің жоғары мәртебесін сақтап қана қоймай, сонымен бірге оны жетілдіре алды. Гүл-бақ бизнесін дамыту, отырғызу материалдары нарығының жай-күйі мен дамуы, логистика және әріптестік байланыстарды орнату төңірегіндегі өзекті мәселелердің кең спектрі бойынша пікірталастарды қамтыған мазмұнды әрі жарқын іскерлік бағдарлама көрмелердің маңызды ерекшелігі болды.
Көрменің іскерлік бағдарламасына қатысушы компаниялардың өкілдері ғана емес, сондай-ақ шақырылған сарапшылар мен мамандар да қатысты. Спикерлердің жалпы саны 25 адамды құрады, ал тыңдаушылардың саны 1000-нан асты.
Барлық көрме алаңдарында 20-дан астам әртүрлі іс-шара өткізілді.
«Отырғызу материалы-2023. Жай-күйі және перспективалары. Проблемалар мен шешімдер» атты конференция басты кәсіби оқиға болды.

Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығы мен Нидерланд Корольдігінің ҚР-дағы Елшілігінің қолдауымен «ГринЭкспо» көрме компаниясы конференцияны қоса ұйымдастырушы болды.
«Жасыл» нарықтың сарапшылары Қазақстанның солтүстік өңірі үшін отырғызу материалының ерекшеліктері, ландшафттық дизайнерлер қалай және неліктен көшет шаруашылығына көшеді, Нидерланд аукционының жаңа жағдайдағы жұмысының ерекшеліктері сияқты және басқа да мәселелердің кең спектрін талқылады.
Kärcher,
Dekker Chrysanten, Dress Flowers, Zion Holding, BiFlorica қатысушы компанияларының өкілдері мен «Салтыково» питомнигі өздерінің демо-көрсетілімдерін, семинарлары мен шеберлік сыныптарын өткізді.
«Алтын Гүл-2023» атты кәсіби флористика бойынша 5-ші Қазақстан чемпионаты көрменің нағыз әшекейі болды. Барлық конкурстық тапсырмалардың ортақ тақырыбы: «Болашақ – гүлдерде».

Чемпионаттың 10 қатысушысы мынадай 3 конкурстық тапсырманы орындауда жарысты: «Қазақстан сәулеті» тақырыбындағы гүлшоғы; «Киімнің ұлы дизайнерлері» тақырыбындағы қалыңдықтың гүлшоғы немесе оны алмастыратын аксессуар; «Шығармашылық ізденіс» тақырыбындағы интерьер композициясы.
Чемпионатты әйгілі ресейлік флорист-дизайнер және кәсіби флористика бойынша Ресей чемпионы (2010) Роман Штенгауэрдің төрағалығымен құрметті Қазылар алқасы флорист-дизайнер және кәсіби флористика бойынша Ресей чемпионы (2021) Ольга Шарова; сондай-ақ шебер-флорист және кәсіби флористика бойынша Ресей чемпионы (2014) Андрей Филоненко бағалады.

Қазылар алқасы мен техникалық комиссия бағаларының қорытындысы бойынша бірінші орынды Виктория Порецкая (Мәскеу қаласы), екінші орынды Василиса Долгова (Астана қаласы), үшінші орынды Гаухар Алекенова (Астана қаласы) иеленді.
Көрменің үшінші күні Чемпионаттың Қазылар алқасының мүшелері көрермендерді Бірлескен Флористикалық Шоу-көрсетіліммен қуантты. Флористика тарландарының арасынан Андрей Филоненко «Жайқалған қиялдар» тақырыбында бірнеше жарқын композициялар көрсетті. Көрсетілімнің әріптесі 3D Flowers KZ компаниясы (Астана қаласы) болды. Көрсетілімнің тағы бір тақырыбы «Көктемгі нәзіктік» болды, оны Роман Штенгауэр мен Ольга Шарова «Гүлдер егжей-тегжейінде» флористика мектебімен (Мәскеу қаласы) бірлесе отырып жүзеге асырды. Шоу-көрсетілім көрмелерге келушілерге ұмытылмас әсер сыйлап, жарқын әрі түрлі түсті стильде өтті.

КЕЛУШІЛЕР
Flora | Garden | Village көрмелері 9325 бірегей келушіні қатыстырды. Олар Қазақстанның барлық өңірлерін, сондай-ақ Беларусьті, Ұлыбританияны, Германияны, Қытайды, Кенияны, Қырғызстанды, Моңғолияны, Нидерландты, БАӘ-ні, Польшаны, Ресейді, Швецияны, Түрікменстанды, Түркияны, Өзбекстанды, Украинаны, Филиппин мен Жапонияны қоса алғанда, ТМД және шет елдерді ұсынды. Бұл көрменің Қазақстанда және оның шегінен тыс жерлерде танымал әрі гүл-бақ индустриясын дамытуда маңызды екенін растайды.
Көрмелерге гүлдер мен өсімдіктерді көтерме және бөлшек саудада сатушылар, питомниктер мен бақ орталықтарының иелері, гүлдер мен өсімдіктердің дилерлері, флористер, декораторлар, көгалдандырушылар, абаттандырушылар, мейрамхана-қонақүй бизнесінің өкілдері, мемлекеттік органдар, бақ шаруашылығы және қала сыртындағы өмір салтын ұнататындар және т.б. адамдар келді.
Пандемиядан кейінгі жағдайда Flora | Garden | Village көрмелері гүл өсіру және көгалдандырудың кәсіпқой мамандары үшін маңызды оқиға, сондай-ақ өзгермелі нарық жағдайында бизнесті дамытуға арналған тиімді құрал мәртебесін растайды. Іс-шара жаңа сын-тегеуріндерге бейімделуде және қатысушыларға саладағы бизнесті дамыту және ілгерілету үшін ең перспективалы мүмкіндіктерді ұсынады.
Келесі жылға жаңа күндер жарияланып қойды. Біз 2024 жылғы 17 – 19 сәуір аралығында Flora | Garden | Village Гүлдер. Бақ. Қала сыртындағы үй халықаралық көрмелеріне Сіздердің қатысуларыңызды асыға күтеміз!