Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет – Business Technology Expo атты бизнеске арналған технологиялар мен идеялардың халықаралық көрмесі

Көрме 2023 жылғы 5 – 6 сәуір аралығында Астана қаласында, «EXPO» ХКО-да өтеді

Ең маңызды тақырыптарға бағдарлана отырып және барлық мүдделі тараптарды талқылауға тарта отырып, Business Technology Expo инновациялар, бірегей салалық кейстер мен озық көзқарастар туралы пайдалы контент жасауды өз міндеті етіп алға қояды.

Қазақстандық және халықаралық компаниялар ауқымы мен саласына қарамастан, бизнеске арналған мынадай: маркетингтік инновацияларды, IT-құралдарды, процестерді автоматтандыруды, цифрлық тұғырнамалар мен көптеген басқа да технологиялық шешімдерді көрсетеді.

Іс-шара бизнестің тиімділігін арттыруға, мүмкіндіктері мен кірістілігін кеңейтуге ықпал ететін жаңа идеялар мен инновацияларды іздейтін кәсіпкерлерге, басқарушылар мен мамандарға бағдарланған.

Көрме экспозициясы мынадай санаттарда ұсынылады:

● Маркетинг және сатылымдар
● Есепке алу жүйелері
● Бұлтты шешімдер
● Қаржылық сервистер
● Жобаларды басқару
● HR технологиялары
● IT инфрақұрылымы
● Big Data & BI

Мазмұнды іскерлік бағдарлама көрменің ажырамас бөлігі болып табылады және бизнес технологиялар нарығының өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді. Іскерлік бағдарламаның көрнекті оқиғасы мынадай бес негізгі ағымда ұсынылатын BTConference практикалық конференциясы болады: HR, маркетинг, сатылымдар, қаржылық технологиялар және IT. Пікірталастың басты назарында – сарапшылардың, технологияларды берушілер мен нарық көшбасшыларының шынайы кейстері мен практикалық кеңестері.

Іскерлік іс-шаралар бағдарламасына қатысушылардың интерактивті таныстырылымдары, оқыту және менторлық аймақтары, мамандандырылған нетворкинг аймақтары да кіреді.

Business Technology Expo өз қатысушыларына өнімдері мен қызметтерін мүдделі тұлғалардың кең аудиториясына тікелей таныстыруға, жаңа әріптестер мен клиенттерді табуға, нарықтағы позицияларын нығайтуға және брендінің танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Көрмені ұйымдастырушы «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы болып табылады.

Көрмеге қатысу мәселелері бойынша хабарласуды сұраймыз:

Ерғанат Жүсіпов
Көрме менеджері
Т: +7 7172 64 23 23 (ішкі 202)
M: +7 778 563 83 95
E: zy@astana-expo.com
www.btexpo.kz