Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет – Modern Office Expo атты заманауи кеңсе көрмесі

Көрме 2023 жылғы 5 – 6 сәуір аралығында Астана қаласында, «EXPO» ХКО-да өтеді

Modern Office Expo – бұл нәтижелі және тиімді жұмыс ортасын құруға арналған заманауи кеңсе шешімдері туралы көрме.

Қазақстандық және халықаралық өндірушілер мен өнім берушілер кеңсе үй-жайларын жобалау және салу, сәулет және дизайн, жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру, жұмыс кеңістігін ұйымдастыру саласындағы шешімдердің кең спектрін көрсетеді.

Көрмеге келушілер – бизнес-орталықтар, кеңсе үй-жайларын жалдаушылар мен иеленушілер, дизайнерлер мен жобалаушылар, конференц-алаңдар, коворкинг-орталықтар, HR мамандары, сатып алу жөніндегі менеджерлер.

Көрме экспозициясы мынадай санаттарда ұсынылады:

● Кеңсе үй-жайларын жоспарлау және салу
● Жиһаз және интерьер
● Жарықтандыру, дыбыс оқшаулау және климат
● Автоматтандыру және инженерлік жүйелер
● Кеңсе жабдықтары мен технологиялары
● Эргономика және жұмыс кеңістігін басқару

Мазмұнды іскерлік бағдарлама көрменің ажырамас бөлігі болып табылады және нәтижелі жұмыс кеңістігін құру саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді. Іскерлік бағдарламаның негізгі оқиғасы Intelligent Office конференциясы болады, оның шеңберінде заманауи кеңсенің дизайны мен оны жобалау, техникалық жарақтандыру және автоматтандыру жүйелері мәселелері талқыланады.

Іскерлік іс-шаралар бағдарламасына қатысушылардың интерактивті таныстырылымдары, оқыту мен шеберлік-сыныптардың аймақтары, мамандандырылған нетворкинг аймақтары да кіреді.

Modern Office Expo өз қатысушыларына өнімдері мен қызметтерін мүдделі тұлғалардың кең аудиториясына тікелей таныстыруға, жаңа әріптестер мен клиенттерді табуға, нарықтағы позицияларын нығайтуға және брендінің танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Көрмені ұйымдастырушы «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы болып табылады.

Көрмеге қатысу мәселелері бойынша хабарласуды сұраймыз:

Әнел Зекенова
Көрме менеджері
Т: +7 7172 64 23 23 (ішкі 213)
M: +7 777 976 38 47
E: azt@astana-expo.com
www.moexpo.kz