Жаңалықтар

MODERN OFFICE EXPO-ДАҒЫ КЕҢСЕГЕ АРНАЛҒАН ЕҢ МЫҚТЫ ШЕШІМДЕР

5-6 сәуірде Астана қаласындағы «EXPO» ХКО-да Modern Office Expo атты заманауи кеңселердің халықаралық көрмесі өтеді.

Modern Office Expo – заманауи кеңсе мен жайлы жұмыс кеңістігін құру үшін ең жаңа шешімдер ұсынылатын Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған көрме.

Көрмеге қатысушылар жұмыс орнындағы өнімділік пен жайлылықты арттыруға көмектесетін жаңа әлемдік шешімдерді көрсетеді. Қазақстандық және халықаралық өндірушілер мен өнім берушілер жиһаз және интерьер; жарықтандыру, дыбыс оқшаулау және климат; эргономика және жұмыс кеңістігін басқару; кеңсе жабдықтары, кеңселерге арналған технологиялар мен қызметтер салаларында шешімдердің кең спектрін көрсетеді.

Қатысушылар арасында: Office Solutions, ISKU Kazakhstan, Office Design Project, Modern Office Furniture, V-time Object Office, ProSpace, BigDecor soft, Avular, Apasar, Majestic Technologies және көптеген басқа да компаниялар.

Көрмеге 2500-ден астам келуші келуді жоспарлап отыр. Қазақстанның 20 қаласы мен әлемнің 6 елінен 5000-нан астам келуші Modern Office Expo-ға келуге алдын ала тіркеуден өтті.

Modern Office Expo көрмесіндегі компаниялардың жаңа өнімдері

«Office Solutions» компаниясы «сақадай сай» кеңсе шешімдерінің жетекші интеграторы, кеңістікті жоспарлау, кеңсе интерьерінің дизайны, техникалық сызбаларды әзірлеу және кеңістікті ұйымдастыру бойынша консультация беру сияқты қызметтерді ұсынады. Көрмеде компания Steelcase, Narbutas, Walter Knoll, BOS 1964, Milliken, Betap, Caimi Brevetti, Ecophone сияқты кеңсе жиһазын, еден жабындары мен акустикалық шешімдерді жетекші әлемдік өндірушілердің кеңсе жиһазын ұсынады.

«Majestic Technologies» компаниясы – Қазақстан Республикасының аумағында баспасөз саласындағы баспа жабдықтары мен IT шешімдерінің ірі корпоративтік берушісі. Компания Xerox, Hewlett Packard Enterprise, Cisco сияқты компаниялардың ресми сертификатталған әріптесі болып табылады және кеңсе жабдықтары саласындағы соңғы әзірлемелерді ұсынады.

«AVULAR» компаниясы интерьерде теледидарларды, проекторларды, мониторларды және басқа объектілерді бүркеуге және орнын ауыстыруға арналған тетіктерді ұсынады.

«BigDecor soft» – коммерциялық кеңістікке, муниципалдық объектілерге, кеңселерге және жалпыға ортақ пайдаланылатын аймақтарға арналған жіксіз тозуға төзімді жиһаз бен шағын сәулет нысандарын ұсынады.

Іскерлік бағдарлама

Мазмұнды іскерлік бағдарлама көрменің ажырамас бөлігі болып табылады және нарықтың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді.

Іскерлік бағдарлама шеңберінде «Заманауи кеңсе үй-жайларының дизайны және оларды толтыру» және «Заманауи кеңсені жарақтандыру технологиялары. Бұл не?» атты конференциялар өтеді.

Конференциялардың басты назарында – үрдістер және кеңселерде озық технологияларды пайдалану, жұмыс кеңістігін тиімді пайдалану бойынша білім беретін панельдік пікірталастар, әлемдік үрдістер және сала көшбасшыларының іске асырылған кейстерінен ұсынымдар.

Modern Office Expo бұл компанияларға жұмыс процестерін жақсартуға, өнімділікті арттыруға және қызметкерлер үшін ыңғайлы жұмыс процесін қамтамасыз етуге көмектесетін бірегей тұғырнама.
Көрмені ұйымдастырушы UFI Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының қазіргі мүшесі және Қазақстанда конгресс-көрме іс-шараларын ұйымдастыру саласындағы жетекші компаниялардың бірі - «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы болып табылады.

Барлық сұрақтар бойынша:
Айдана Әділбекова
Көрме маркетологі
Т: +7 7172 64 23 23 (ішкі 203)
M: +7 778 900 29 95
E: aa@astana-expo.com
www.moexpo.kz