Жаңалықтар

«Астана-Экспо КС» көрме компаниясы мен QAZPROPERTY басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Intelligent Building Expo көрсемін ұйымдастырушы, "Астана-Экспо КС" көрме компаниясы, QazProperty қауымдастығымен оның Төрағасы Қайрат Көкеновтің тұлғасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім 2023 жылғы 5-6 сәуір аралығында Астанада өтетін Intelligent Building Expo атты заманауи ғимараттарды жарақтандыру технологияларының халықаралық көрмесі шеңберінде әріптестік қатынастарды орнатуға және Тараптардың ұзақ мерзімді әрі тиімді ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.

Меморандум Қазақстан нарығында Intelligent Building Expo көрмесін жан-жақты ілгерілетуді, ақпараттық және консалтингтік қолдауды көздейді.