Жаңалықтар

БОЛАШАҚТЫҢ БИЗНЕС ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ: ЖЕТЕКШІ КОМПАНИЯЛАР BUSINESS TECHNOLOGY EXPO-ДА СОҢҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРДІ ҰСЫНАДЫ

5-6 сәуірде Астана қаласындағы «EXPO» ХКО-да Business Technology Expo атты бизнеске арналған технологиялар мен идеялардың халықаралық көрмесі өтеді.

Business Technology Expo - Қазақстандағы бизнес иелерінің жалғыз көрмесі, онда олар болашақта өз ұйымын нығайту үшін жаңа технологияларды қалай пайдалану керектігін жақсырақ түсіне алады.
Көрмеге қатысушылар ауқымы мен саласына қарамастан, бизнес иелеріне заман талаптарына сай дамуға көмектесетін ең жаңа технологиялық шешімдер мен идеяларды көрсетеді. Қазақстандық және халықаралық өндірушілер мен өнім берушілер маркетинг және сатылымдар; жобаларды басқару; қаржылық технологиялар және есепке алу жүйелері; HR-технологиялар; IT-инфрақұрылым және бұлтты шешімдер саласындағы шешімдердің кең спектрін көрсетеді.

Қатысушылар арасында: Yandex Cloud, Cloud24, OnlyOffice, Conteq, LiveDune, Битрикс24, Almexost Kazakhstan, ITsheff, OneCode және көптеген басқа да компаниялар.

Іс-шара шеңберінде жаңа технологиялардың көрсетілімдері және сарапшылардан консультациялар өткізіледі. Бұл келушілерге компанияның тиімділігін арттыруға және бәсекелестер алдында артықшылық алуға көмектесетін технологиялық шешімдер туралы толық түсінік алуға мүмкіндік береді.

Көрмеге 2500-ден астам келуші мен кәсіпкер келуді жоспарлап отыр.

Business Technology Expo көрмесіндегі компаниялардың жаңа өнімдері

«Yandex Cloud» – жария бұлтты тұғырнама. Компания инфрақұрылымды масштабтауға арналған шешімдерді, деректерді сақтау сервистерін, машиналық оқыту құралдарын және әзірлеу құралдарын ұсынады.

«Битрикс24» компаниясы – компанияның жұмысын автоматтандыруға арналған құралдардың толық жиынтығы. Компания тапсырмаларды орындауды бақылауды, ішкі мессенджер мен бейнеқоңырауларды, сатылымдарды басқаруды, құжаттардың бұлтты қоймасын, бизнес-процестерді автоматтандыруды, оқиғалар күнтізбесін және бірыңғай бағдарламада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін басқа да құралдарды қамтитын өз сервисін ұсынады.

«LiveDune» – өз әлеуметтік желілерін басқаруға және талдауға, сондай-ақ бәсекелестердің әлеуметтік желілерін мониторингтеуге мүмкіндік беретін сервис-комбайн. Компания өзінің және бәсекелестер аккаунттарының статистикасын қадағалауға, жеке тапсырыс бойынша есептер мен автопостинг жасауға, түсініктемелер мен хабарларды бір терезеде модерациялауға болатын сервисті ұсынады.

«OnlyOffice» компаниясы – мәтіндік құжаттардың, кестелер мен таныстырылымдардың онлайн-редакторларын, толтырылатын нысандардың редакторын және PDF конвертерін қамтитын кеңселік БҚ. Софт құжаттарды бірлесіп редакциялау үшін көптеген мүмкіндіктерді, сондай-ақ командалық жұмыстың жоғары тиімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық бизнес-процестерді басқару үшін қажетті құралдарды ашады.

Іскерлік бағдарлама

Мазмұнды іскерлік бағдарлама көрменің ажырамас бөлігі болып табылады және нарықтың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді.

Іскерлік бағдарлама шеңберінде «BT Conference: Marketing&Sales» атты конференция өтеді, онда спикерлер деректерді ілгерілетуге, талдауға арналған құралдарды, клиенттерді тартуға арналған құралдарды талқылайды. Конференция Astana Marketing Club-пен – маркетинг, жарнама, PR, Sales және SMM мамандарына арналған қазақстандық кәсіби қоғамдастықпен әріптестікте өтеді.

Сонымен қатар, келушілерді «BT Conference: СloudTech, HRTech» конференциясы күтеді.

Конференциялардың басты назарында – HR, қаржылық технологиялар, құжат айналымы саласындағы IT-технологиялар, әлемдік үрдістер және сала көшбасшыларының іске асырылған кейстерінен ұсынымдар. Конференция Astana Hub-пен – Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ең ірі халықаралық технопаркімен әріптестікте өтеді.

Business Technology Expo бизнесмендер мен компаниялардың өкілдері үшін нарық көшбасшыларымен кездесіп, жаңа технологиялық шешімдерді енгізу тәжірибесімен алмасу үшін тамаша мүмкіндік болады. Іс-шара іскерлік байланыстарды кеңейтуге және жаңа өнім берушілер мен клиенттерді табуға бірегей мүмкіндікті ұсынады.

Business Technology Expo бұл соңғы технологиялық жетістіктерден хабардар болып, оларды өз бизнесінде қолданғысы келетіндер үшін міндетті оқиға. Біз барлық мүдделі адамдарды іс-шараға қатысып, инновациялық технологиялар әлеміне енуге шақырамыз.

Көрмені ұйымдастырушы UFI Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының қазіргі мүшесі және Қазақстанда конгресс-көрме іс-шараларын ұйымдастыру саласындағы жетекші компаниялардың бірі - «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы болып табылады.

Барлық сұрақтар бойынша:
Айдана Әділбекова
Көрме маркетологі
Т: +7 7172 64 23 23 (ішкі 203)
M: +7 778 900 29 95
E: aa@astana-expo.com
www.btexpo.kz