Жаңалықтар

Жетекші өнеркәсіптік компаниялар Қазақстанның Ondeu Expo негізгі индустриялық көрмесінде қайтадан бас қосты

2023 жылғы 10 – 12 мамыр аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық Көрме Орталығында Ondeu Expo өңдеу өнеркәсібі Халықаралық көрмесі мен Kazakhstan Machinery Fair машина жасау және металл өңдеу бойынша Халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде.

Іс-шаралардың негізгі міндеті – республиканың индустриялық-инновациялық кешенінің орнықты дамуына жәрдемдесу, халықаралық сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ мемлекеттің, кәсіби және бизнес-қоғамдастықтың өкілдері арасындағы тиімді диалог үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.

Ondeu Expo мынадай 6 бейінді көрмені біріктіреді:

- Kazakhstan Machinery Fair машина жасау және металл өңдеу бойынша IV Халықаралық мамандандырылған көрмесі

- AgroSpecMash ауыл шаруашылығы, коммерциялық және арнайы техниканың Халықаралық мамандандырылған салоны

- Сhem Tech Kazakhstan химия өнеркәсібі бойынша Халықаралық көрмесі және конференциясы

- Su Arnasy – Water Expo су индустриясының XII Халықаралық көрмесі және конференциясы

- Stroy Expo Astana құрылыс индустриясына арналған технологиялар мен жабдықтардың Халықаралық мамандандырылған көрмесі

- Infra Tech Kazakhstan инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі қазақстандық Халықаралық көрме-конференциясы.

Қазақстанды, Аустрияны, Беларусьті, Болгарияны, Германияны, Израильді, Италияны, Канаданы, Қытайды, Латвияны, Польшаны, Ресейді, Түркияны, Өзбекстанды, Финляндияны, Франция мен Швейцарияны қоса алғанда, әлемнің 17 елінен 250-ден астам экспонент қатысып жатыр.

Kazakhstan Machinery Fair көрмесіне қатысушылардың арасында ФИРМА РАЙД, ISCAR, WTO, МЕЗОРИКС, K2 ВОСТОКК, TOOL WORLD, ЦОЛЛА, WELDEXPERT, TARLAN MUNAI ENERGY, WELDING COMPANY, БЕЛОРГСТАНКИНПРОМ, HERMLE WWE AG, ONTRAC, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ БАНКІ, ВЕЗУВИУС, ЦЕЛИНГОРМАШ, KAZTECHTOOLS, SATBAYEV UNIVERSITY, ABICOR BINZEL және т.б. бар.

AgroSpecMash Халықаралық мамандандырылған салоны шеңберінде сала көшбасшылары ауыл шаруашылығы, коммерциялық және арнайы техниканың соңғы модельдерін, атап айтқанда, АГРОМАШХОЛДИНГ KZ, ҚОСТАНАЙ ТРАКТОР ЗАУЫТЫ, QAZTEHNA, ВИРАЖ, СЕМАЗ, KAZROST ENGINEERING LTD, ДОН МАР және т.б. жаңа техниканы көрсетуде.

Су Арнасы – Water Expo су индустриясының бейінді көрмесінде нарықтың жетекші ойыншыларының, атап айтқанда: ГРУНДФОС ҚАЗАҚСТАН, KARLSKRONA LC AB, ЭНЕРГЕТИКА,АКВАФОР ҚАЗАҚСТАН, ЭНЕРГИЯ ӨМІР, ЭКОЖҮЙЕ ҒӨБ, ESMIL GROUP, ANDRITZ AG, ШАНЬДУН ХУАДУН КОМПРЕССОР, KAZWATERENGINEERING, VOGELSANG, ИКАПЛАСТ, CANAM PIPE & SUPPLY, НПФ ЭТЭК, VTA KAZAKHSTAN, ЭКОИНСТРУМЕНТ-АЛМАТЫ, ВОДЭКОФИЛЬТР, СКЗ АРЫСТАН және т.б. стендтері ұсынылады.

Ondeu Expo көрмесін мазмұнды іскерлік бағдарлама толықтырып жатыр. Үш күн бойы 60-там астам іс-шаралар өтуде, оның ішінде:

Металл өңдеудегі инновациялық технологиялар бойынша Халықаралық конференция

Қосалқы келісімшарттар биржасы. Ұйымдастырушы: «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ

«Қазақстанның химия өнеркәсібі. Даму перспективалары» конференциясы.Ұйымдастырушы: «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ

Қалалардың тұрғын үй-коммуналдық секторы мен инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңес. Ұйымдастырушылар: Құрылыс істері комитеті, ҚР ИИДМ ТКШ, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ және «Қазақстан Су Арнасы» ҚР сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі кәсіпорындарының қауымдастығы.

«Өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы» сессиясы. Ұйымдастырушы: «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ.

«Өңдеу өнеркәсібінің проблемалық мәселелері» сессиясы Ұйымдастырушы: «Атамекен» ҰКП өңдеу өнеркәсібі комитеті

Машина жасау саласының өзекті мәселелерін жүйелі шешу үшін басты диалог алаңы болып табылатын Қазақстан машина жасаушыларының XI Форумы іскерлік бөлімнің басты оқиғасы болады. Көрмемен қатар «EXPO» ХКО-да Форумның 11 тақырыптық Секциялық отырысын өткізу жоспарланып отыр, атап айтқанда:

● Теміржол машиналарын жасау

● Тау-кен металлургия кешеніне арналған машиналар жасау

● Автомобиль жасау

● «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуы

● Қазақстандық қамтуды дамыту және «Теңізшевройл» ЖШС тендерлік процесінің ерекшеліктері

● Электр-техникалық (энергетикалық) машина жасау

● Өнеркәсіптегі цифрландыру мен роботтандыру

● Мұнай-газ машиналарын жасау

● Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау

● Құю өндірісін дамыту

● Машина жасау саласы үшін кадрлар.

Форум 11-12 мамырда Hilton Astana мен «EXPO» ХКО-да өтеді, және оған келу үшін сілтеме бойынша жеке тіркелу талап етіледі.

Дәстүрлі түрде көрмелерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, өңдеу өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу өнімдерін тұтынушылар, инженерлер мен технологтер, шағын және орта бизнестің, мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері келеді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар одағы және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы.

Іс-шараға кіру бейджді/QR-кодты көрсеткен кезде ғана мүмкін болады, оны онлайн-тіркелу кезінде PRESS промокодын енгізіп, тегін алуға болады.

Көрмелерге тіркелу сілтеме бойынша өтеді.
Ondeu Expo ресми сайты – promweek.kz
Kazakhstan Machinery Fair ресми сайты – kmfexpo.kz

Көрмеге келу бойынша:
Сембай Дарина
Маркетинг және PR жөніндегі менеджер
Тел: +7 707 25 20 613
email: sd@astana-expo.com