5 – 6 сәуір аралығында «EXPO» ХКО-да өткен Kazakhstan Security Systems 2023 қауіпсіздік бойынша 9-шы халықаралық көрмесі мен конференциясы Қазақстан мен Орталық Азиядағы сала мамандары үшін нағыз оқиға болды. Ресей, Беларусь, Франция, Германия, АҚШ және Жапония сияқты әлемнің 13 елінен 75 компания бес тақырыптық бөлімде өз өнімдері мен жаңалықтарын ұсынды.
Қазақстандағы қауіпсіздік бойынша негізгі көрме және конференция болып табылатын Kazakhstan Security Systems 2023 көрмесінде киберқауіпсіздік, бейнебақылау, өртке қарсы қорғау, ҚББЖ, ұлттық қауіпсіздік және терроризмге қарсы әрекет сияқты қауіпсіздік жүйелері нарығының ең сұранысқа ие тақырыптары ұсынылды. Көрмеге қатысушылардың 30%-дан астамы оған алғаш рет қатысты, бұл осы іс-шараның маңызды әрі тартымды екенін атап көрсетеді.
Қазақстанның 18 қаласы мен әлемнің 11 елінен 3400-ден астам сала маманы осы екі күнде көрме мен конференцияға келді, бұл іс-шараға деген үлкен қызығушылық пен оның тақырыбының маңызды екенін дәлелдейді. Келушілердің өсімі 2022 жылға қарағанда 122%-ды құрады. Бір компанияға келушілердің тығыздығы шамамен 46 адамды құрады. Келушілердің 46%-ы көрмеге бизнесі үшін өнімдер/көрсетілетін қызметтер мен жаңа шешімдерді іздеу мақсатында келді. Келушілердің 68%-ы өнімді сатып алу туралы шешімге ықпал етеді немесе өз бетінше шешім қабылдайды.
Көрмеге қатысушылардан жаңа өнімдер
Kazakhstan Security Systems 2023 шеңберінде әрі отандық, әрі шетелдік өндірушілер мен өнім берушілер ұсынған көптеген заманауи технологиялар мен жаңа жабдықтар көрсетілді. Baкotech, TP Link Kazakhstan, «Тералинк Технолоджис» ЖШС және Regula сияқты саланың жетекші компаниялары қауіпсіздік саласындағы озық әзірлемелері мен технологияларын көрсете алды.
«Sergek Group» компаниясы полиция қызметкерлерінің жұмысына арналған мобильді қосымшаны, бейнеағындарды сақтау және олармен жұмыс істеу жүйесін, жол қауіпсіздігінің мобильді камераларын және ауа сапасын өлшеудің сертификатталған датчиктерін қамтитын өз өнімдерін көрсетті.

«Logitex-Market» қауіпсіздік жүйелерінің дистрибьюторы мен интеграторы бейнебақылауды, қол жеткізуді бақылау мен басқаруды, күзет және өрт жүйелерін, периметрді күзетуді, көлік өтетін орындарды автоматтандыруды, қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алуды, 1С-пен және CRM жүйелерімен интеграциялауды, телефонияны, қашықтықтан басқару мен бақылауды, сондай-ақ деректерді жинау мен талдауды қамтитын кешенді шешімді ұсынды.
«TerraLink» компаниясы корпоративтік контентті басқару, кәсіпорынның ресурстарын басқару, бизнес-процестерді автоматтандыру, ақпараттық қауіпсіздік, АТ-инфрақұрылымын жасау және қолдау сияқты басқарудың әртүрлі салаларында өзінің консалтинг және цифрлық шешімдерді енгізу қызметтерін ұсынды.
Сонымен қатар, «Intellicene» құралдарды әзірлеушісі қызметті, активтер мен адамдарды қорғауға мүмкіндік беретін Symphia желісінің өз өнімдерін ұсынды. Symphia Control барлық қауіпсіздік жүйелерін географиялық карталарға байланыстыра отырып, бір тұғырнамаға біріктіреді, Symphia VMS қажетті бейнеақпаратты басқарады, көрсетеді, жазады және бірден табады, Symphia NowForce күштер мен қызметтерді оңтайлы басқаруды қамтамасыз етеді, ал Symphia FaceDetect күрделі жағдайларда адамның беттерін анық тануға мүмкіндік береді.
Іскерлік бағдарлама
Kazakhstan Security Systems 2023 конференциялары саладағы жаңа үрдістер мен инновацияларды талқылау алаңына айналды. Саланың 70 жетекші сарапшысы 600-ден астам тыңдаушының басын қосып, өз тәжірибесімен және білімімен бөлісті. ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті екінші күнгі іскерлік бағдарламаның әріптесі болды.

Іскерлік бағдарламаның ашылуы 5 сәуірде «Өнеркәсіптік кәсіпорындардың кешенді қауіпсіздігі» конференциясында өтті, онда қазақстандық және әлемдік кәсіпорындар мысалында өндірістік компаниялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жаңа талаптар және проблемаларды шешудің мен тәсілдері талқыланды.
6 сәуірде «Cyber and Digital Security: Дербес деректерді қорғау» конференциясы болып өтті, онда мемлекеттік сектордың өкілдері және киберқауіпсіздік бойынша әлемдік сарапшылар мен шешімдерді берушілер осы саладағы соңғы үрдістер мен ең жаңа әзірлемелерді талқылау үшін жиналды. Тыңдаушылар алдында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов сөз сөйледі, сондай-ақ конференцияға «Amanat» партиясы IT-комитетінің төрайымы Екатерина Смышляева қатысты. Киберқауіпсіздік бойынша сарапшы Евгений Питолин конференцияның модераторы болды.

Kazakhstan Security Systems 2023 көрмесіне келу және іскерлік бағдарламаның іс-шараларына қатысу осы серпінді, алуан түрлі нарықтың барлық қатысушыларына өз міндеттерін шешу үшін мүмкіндіктер табуға, қажетті жабдықтарды берушілерді таңдауға, әріптестерімен тәжірибе алмасуға, сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді талқылауға, сенімді түрде алға жылжу үшін қажетті өзекті практикалық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Қатысушылардың стендтеріндегі аншлаг пен келушілердің, қатысушылар мен спикерлердің оң пікірлері Kazakhstan Security Systems 2023 көрмесі Қазақстандағы қауіпсіздік индустриясының негізгі бизнес іс-шарасы болып қалып отырғанын тағы бір рет дәлелдейді. Мұнда жаңа әріптестерді тауып, жұмыс істеп жүргендерімен кездеседі, кәсіби ақпаратпен алмасады. Өткен жылдар ішінде Kazakhstan Security Systems көрмелері еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандарды біріктіріп, жағымды эмоциялар мен жаңа идеяларға толы бірегей атмосфера жасады.
Көрмені ұйымдастырушы – UFI дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының қазіргі мүшесі және Қазақстандағы конгресс-көрме іс-шараларын ұйымдастыру саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылатын «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы.
Келесі Kazakhstan Security Systems 2024 көрмесі 2024 жылғы 3-5 сәуірде «EXPO» ХКО-да өтеді.