«Modern Office Expo» заманауи кеңселердің халықаралық көрмесі 5-6 сәуірде Астана қаласының «EXPO» ХКО-сында өтті. Бұл заманауи кеңсе мен жайлы жұмыс кеңістігін құруға арналған ең жаңа шешімдерді ұсынған Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған көрме. Көрмеге қатысушылар жұмыс орнындағы өнімділік пен жайлылықты арттыруға көмектесетін жаңа әлемдік шешімдерді көрсетті.
Қазақстандық және халықаралық өндірушілер мен өнім берушілер жиһаз бен интерьер, жарықтандыру, дыбыс оқшаулау және климат, эргономика және жұмыс кеңістігін басқару, кеңсе жабдықтары, технологиялар және кеңселерге арналған қызметтер салаларындағы шешімдердің кең спектрін ұсынды. Қатысушылар арасында Office Solutions, ISKU Kazakhstan, Office Design Project, Modern Office Furniture, V-time Object Office, ProSpace, BigDecor soft, Avular, Apasar, Majestic Technologies сияқты және басқа да көптеген компаниялар болды.
Қазақстанның 18 қаласы мен әлемнің 11 елінен 3400-ден астам маман көрмеге келді. Бір компанияға келушілердің тығыздығы шамамен 46 адамды құрады. Келушілердің 46%-ы көрмеге бизнесі үшін өнімдер/көрсетілетін қызметтер мен жаңа шешімдерді іздеу мақсатында келді. Келушілердің 68%-ы өнімді сатып алу туралы шешімге ықпал етеді немесе өз бетінше шешім қабылдайды. Бұл келушілер үшін кеңсе дизайнындағы жаңа үрдістерді көруге және әртүрлі өңірлерден келген әріптестерімен тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік болды.
Modern Office Expo көрмесіндегі компаниялардың жаңа өнімдері
«Office Solutions» компаниясы «сақадай сай» кеңсе шешімдерінің жетекші интеграторы ретінде болды. Ол кеңістікті жоспарлау, кеңсе интерьерінің дизайны және техникалық сызбаларды әзірлеу бойынша өз қызметтерін ұсынды. Сонымен қатар, компания Steelcase, Narbutas, Walter Knoll, BOS 1964, Milliken, Betap және Caimi Brevetti сияқты кеңсе жиһаздарын, еден жабындарын және акустикалық шешімдерді жетекші әлемдік өндірушілердің кеңсе жиһаздарын ұсынды.
ҚР аумағындағы баспа жабдықтары мен басып шығару саласындағы IT-шешімдерді ірі корпоративтік беруші «Majestic Technologies» компаниясы да көрмеге қатысты. Ол кеңсе жабдықтары саласындағы соңғы әзірлемелерді ұсынып, Xerox, Hewlett Packard Enterprise және Cisco сияқты компаниялардың ресми сертификатталған әріптесі болды.
«AVULAR» компаниясы теледидарларды, проекторларды, мониторларды және интерьердегі басқа да объектілерді бүркемелеуге және орнын ауыстыруға арналған тетіктерді ұсынды. Ал «BigDecor soft» компаниясы коммерциялық кеңістікке, муниципалдық объектілерге, кеңселер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын аймақтарға арналған жіксіз тозуға төзімді жиһаз бен шағын сәулет нысандарын ұсынды.
Іскерлік бағдарлама
Modern Office Expo көрмесі компанияларға нарықтың өзекті мәселелерін талқылап, өздерінің жұмыс процестерін жақсартуға бірегей мүмкіндік берді. Саланың 70 жетекші сарапшысы 600-ден астам тыңдаушының басын қосып, өз тәжірибесімен және білімімен бөлісті.
«Заманауи кеңсе үй-жайларының дизайны мен оларды толтыру» және «Заманауи кеңсені жарақтандыру технологиялары. Бұл не?» конференциялары бар мазмұнды іскерлік бағдарламада кеңселерде озық технологияларды пайдалану үрдістеріне және жұмыс кеңістігін тиімді пайдалануға баса назар аударылды. Сонымен қатар, сала көшбасшылары панельдік пікірталастарда өз ұсынымдарымен және шынайы кейстерімен бөлісті.
Бұл іс-шара заманауи кеңсе саласындағы сарапшылар мен мамандар үшін маңызды алаңға айналды, олар тәжірибесімен және білімімен алмасып, сондай-ақ соңғы үрдістер мен инновациялар туралы біле алады.
Modern Office Expo көрмесіне келу және іскерлік бағдарламаның іс-шараларына қатысу осы серпінді, алуан түрлі нарықтың барлық қатысушыларына өз міндеттерін шешу үшін мүмкіндіктер табуға, қажетті жабдықтар мен жиһазды берушілерді таңдауға, сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді талқылауға, сенімді түрде алға жылжу үшін қажетті өзекті практикалық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Қатысушылардың стендтеріндегі аншлаг пен келушілердің, қатысушылар мен спикерлердің оң пікірлері Modern Office Expo көрмесі Қазақстандағы заманауи кеңсе индустриясының сұранысқа ие бизнес-алаңы екенін дәлелдейді. Мұнда жаңа әріптестерді тауып, жұмыс істеп жүргендерімен кездеседі, кәсіби ақпаратпен алмасады. Modern Office Expo көрмесі еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандарды біріктіріп, жағымды эмоциялар мен жаңа идеяларға толы бірегей атмосфера жасады.
Көрмені ұйымдастырушылар – UFI дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының қазіргі мүшесі және Қазақстандағы конгресс-көрме іс-шараларын ұйымдастыру саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылатын «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы.
Келесі Modern Office Expo 2024 көрмесі 2024 жылғы 3-5 сәуірде «EXPO» ХКО-да өтеді.