Жаңалықтар

АҚЫЛДЫ ҮЙ ЖӘНЕ АҚЫЛДЫ ҒИМАРАТ: INTELLIGENT BUILDING EXPO ЕҢ ЖАҢА ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ ҰСЫНАДЫ

5-6 сәуірде Астана қаласындағы «EXPO» ХКО-да Intelligent Building Expo атты ғимараттарды басқару жүйелерінің халықаралық көрмесі өтеді.

Intelligent Building Expo – кез келген өлшемдегі ғимараттарға арналған жаңа шешімдерді ұсынатын Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған көрме, бұл энергияны үнемдеуге, пайдалану тиімділігін арттыруға және ғимаратты пайдаланушылардың қанағаттануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жетекші жабдықты өндірушілер мен берушілер ғимараттарды автоматтандыру және диспетчерлеу, үй мен қалаға арналған ақылды шешімдер, энергия тиімділігі, экологиялылық, жарықтандыру, жылыту, желдету және ауа баптау саласындағы ең жаңа технологиялар мен өнімдерді ұсынады.

Қатысушылар арасында: Esylux, GMC company, Eurotherm, Tion, Яндекс.Станциялар, Smart House, Connected Home және көптеген басқа да компаниялар.

Көрмеге 2500-ден компания өкілі келуді жоспарлап отыр. Қазақстанның 20 қаласы мен әлемнің 6 елінен 5000-нан астам келуші Intelligent Building Expo-ға келуге алдын ала тіркеуден өтті.

Intelligent Building Expo көрмесіндегі компаниялардың жаңа өнімдері

«Smart House» компаниясы – жүйелік интегратор, зияткерлік автоматтандыру саласындағы Қазақстан нарығындағы көшбасшылардың бірі. Компанияның негізгі қызмет түрі – «ақылды үй» жүйесін жобалау, монтаждау және жеке баптау бойынша қызметтерді ұсыну, сондай-ақ BMS (Building Management System) жүйелерін құру.

«Tion» компаниясы – Tion Бризерді - пәтерге, үйге және кеңсеге арналған ықшам желдетуді ұсынады. Сонымен қатар, Бризер ауа тазартқыш режимінде жұмыс істеп, үй-жайдың ішіндегі ауаны сүзе алады.

«Eurotherm» компаниясы Swegon компаниясының GOLD RX атты өнімін – роторлы рекуператоры, тікелей жетекті ағынды және сорғылық ауаның желдеткіштері, сондай-ақ ағынды және сорғылық ауаның сүзгілері бар жиынтықты ағынды-сорғылық қондырғыны ұсынады.

«Яндекс.Станциялар» компаниясы Алисаны – әртүрлі үй-жайларды автоматтандыруға арналған көптеген функциялары бар дауыстық ассистентті ұсынады.

Іскерлік бағдарлама

Мазмұнды іскерлік бағдарлама көрменің ажырамас бөлігі болып табылады және нарықтың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді.

6 сәуірде іскерлік бағдарлама шеңберінде Қазақстандағы ең ірі «KAZGOR» жобалау ұйымымен әріптестікте «Ғимараттарды салу, жаңғырту және олардың тиімділігін арттыруға арналған шешімдер» атты конференция өтеді.

Сала көшбасшылары құрылыс объектілері өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде BIM-ді қолдану тиімділігін, жылжымайтын мүлікті пайдалану кезінде шығыстарды оңтайландыруға арналған технологияларды, энергия шығындарын азайту және микроклимат сапасын арттыру құралы ретінде математикалық модельдеуді және басқа да көптеген мәселелерді талқылайды. Конференцияның басты назарында – озық технологияларды дамыту және пайдалану, энергия тиімді мәдениетті тарату, әлемдік үрдістер мен қатысушылардың іске асырылған кейстерінен ұсынымдар.

QAZPROPERTY басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығы көрменің әріптесі болып табылады.
Intelligent Building Expo көрмесіне келу орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге, пайдалану шығыстарын төмендетуге, пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ жұмыстың өнімділігі мен ғимараттың құндылығын арттыруға көмектесетін технологиялармен танысуға мүмкіндік береді.

Көрмені ұйымдастырушы UFI Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының қазіргі мүшесі және Қазақстанда конгресс-көрме іс-шараларын ұйымдастыру саласындағы жетекші компаниялардың бірі - «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы болып табылады.

Барлық сұрақтар бойынша:
Айдана Әділбекова
Көрме маркетологі
Т: +7 7172 64 23 23 (ішкі 203)
M: +7 778 900 29 95
E: aa@astana-expo.com
www.ibexpo.kz
2023-04-05 09:47