Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет – Intelligent Building Expo атты ғимараттарды басқару жүйелерінің халықаралық көрмесі

Көрме 2023 жылғы 5 – 6 сәуір аралығында Астана қаласында, «EXPO» ХКО-да өтеді.

Жабдықтарды жетекші өндірушілер мен берушілер ғимараттарды автоматтандыру және диспетчерлеу, электр техникасы және энергия тиімділігі, үй мен қалаға арналған ақылды шешімдер саласындағы ең жаңа технологиялар мен өнімдерді ұсынады.

Көрменің мақсаты – құрылыс және жылжымайтын мүлікті басқару саласындағы мамандар мен тұтынушыларды біріктіру, күн тәртібін айқындау және Қазақстан мен Орталық Азия нарығының даму контурларын қалыптастыру.


Көрме экспозициясы мынадай санаттарда ұсынылады:

● Басқару. Автоматтандыру және диспетчерлеу
● Жарықтандыру
● Экологиялылық
● Жылыту, желдету және ауа баптау
● Энергия тиімділігі
● Smart Home&City шешімдері

Көрменің нысаналы аудиториясы – құрылыс және девелоперлік компаниялар, сәулетшілер және жобалау ұйымдары, монтаждау компаниялары, инсталляторлар, басқарушы және пайдаланушы компаниялар, IT интеграторлар, мемлекеттік сектордың өкілдері.

Мазмұнды іскерлік бағдарлама көрменің ажырамас бөлігі болып табылады және қазіргі заманғы ғимараттар мен құрылысжайларды жарақтандыру саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік береді. Іскерлік бағдарлама шеңберінде орнықты сәулет және құрылыс, қалалық инфрақұрылымды цифрландыру, энергия тиімді мәдениетті дамыту мәселелері бойынша бірқатар конференциялар өтеді.

Intelligent Building Expo өз қатысушыларына өнімдері мен қызметтерін мүдделі тұлғалардың кең аудиториясына тікелей таныстыруға, жаңа әріптестер мен клиенттерді табуға, нарықтағы позицияларын нығайтуға және брендінің танымалдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Көрмені ұйымдастырушы «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы болып табылады.

Көрмеге қатысу мәселелері бойынша хабарласуды сұраймыз:

Әнел Зекенова
Көрме менеджері
Т: +7 7172 64 23 23 (ішкі 213)
M: +7 777 976 38 47
E: azt@astana-expo.com
www.ibexpo.kz