Жаңалықтар

Astana Expo және ТКМКҚҚ серіктестік туралы келісімге қол қойды

Қазақстанның индустриялық өңірлеріндегі көрме жобаларын дамыту аясында «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ (ТКМКҚҚ) мен Astana Expo көрме компаниясы арасында серіктестік туралы келісімге қол қойылды.

Тараптар Astana Expo атқарушы директоры Қанапьянов Қ.С. және ТКМКҚҚ Атқарушы директорының бірінші орынбасары Кононов М.С. қатысуымен жұмыс кездесуін өткізіп, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Өскемен, Павлодар және Ақтөбе қалаларында өтетін іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсету, сондай-ақ ТКМКҚҚ-ға мүше компанияларды аталған салалық көрмелерге келуге шақыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Сонымен қатар, тараптар көрмелердің іскерлік бағдарламасы аясындағы бірлескен жұмысты да талқылады.

Қуаныш Қанапьянов атап өтті:

«Біз бұл серіктестікті көрмелеріміздің өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін құндылығын арттыру мүмкіндігі ретінде қарастырамыз. Қауымдастық мүшелері жеткізушілермен тікелей байланыс орнатып, өндірісті жаңғырту мен тиімділігін арттыруға қатысты нақты өндірістік міндеттерді шеше алады. Бұл бизнес пен саланың технологиялық серіктестері арасындағы неғұрлым тығыз әрі мазмұнды диалог құруға мүмкіндік береді.»

Анықтама

ТКМКҚҚ 2005 жылы Қазақстан Республикасының тау-кен саласы кәсіпорындарының бастамасымен және салалық министрліктің қолдауымен құрылды. Қауымдастық Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенде» аккредиттелген. Бүгінде ТКМКҚҚ — Қазақстандағы ең ірі салалық бірлестік, оның құрамына қара және түсті металлургия, уран және көмір өнеркәсібінің 100-ден астам компаниясы кіреді.

Astana Expo — Қазақстан мен Орталық Азиядағы негізгі салалық іс-шаралардың ұйымдастырушысы, сондай-ақ Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының (UFI) мүшесі. Компания 20 жылдан астам уақыт бойы бизнес, мемлекет және кәсіби қауымдастықтарды біріктіретін көрме жобаларын дамытып келеді.

Еске саламыз, 2026 жылы көрмелер келесі күндері өтеді:

20–22 мамыр | Өскемен | MinTech

9–11 қыркүйек | Павлодар | MinTech x KazInterPower

14–16 қазан | Ақтөбе | MinTech x AktobeNefteKhim