Жаңалықтар

Kazakhstan Security Systems 2021 -Қазақстан мен Орталық Азиядағы қауіпсіздік саласындағы негізгі іс-шаралар

2021 жылғы 28-29 қазанда Нұр-Cұлтан қаласында қауіпсіздік саласындағы заманауи әзірлемелер мен технологияларды ұсынатын Қазақстан мен Орталық Азиядағы негізгі іскерлік іс-шара - Kazakhstan Security Systems қауіпсіздік жөніндегі VII Халықаралық көрме-конференциясы өтті. Көрме тағы да коммуникация үшін маңызды платформа мәртебесін растады, бұл тапсырыс берушілер мен қауіпсіздік құралдарын жеткізушілерге бір-бірін табуға, тиімді диалог құруға және қажетті шешімдерге келуге мүмкіндік береді. Қатысушылардың қызығушылығын арнайы экспозиция тудырды, оның аясында 25 серіктес қауіпсіздіктің алты аспектісіндегі ең жаңа әзірлемелерді ұсынды: бейнебақылау, периметрді қорғау және кіруді бақылау, киберқауіпсіздік, Smart Building жүйесі, ұлттық және өрт қауіпсіздігі. Биылғы жылы Kazakhstan Security Systems гибридті форматта өтті. Көрмеге Қазақстанның 26 қаласынан 875 маман келіп, іскерлік бағдарламаның онлайн көрсетілімінде екі күн ішінде 5 мыңнан астам адам қатысты. 43 халықаралық және қазақстандық спикерлер бес салалық конференция аясында өз баяндамаларын ұсынды. Көрменің іскерлік бағдарламасы ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының қамқорлығымен дәстүрлі түрде өтетін «Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау және террористік қатерлерге қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мәселелері жөніндегі республикалық конференциядан» басталды. Конференция аясында ұлттық және аймақтық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер, нысандарды қорғаудың салалық тәсілдері, сондай-ақ білім беру нысандарын қорғаудың ерекшеліктері талқыланды. Пікірталас барысында конференцияда «Қауіпсіз қала. Smart City» жобасы аясында қалаларды цифрландыру, мектептер мен қала инфрақұрылымының сыни нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. Сөз сөйлеушілер арасында: Юрий Захаров (Macroscop), Алексей Кравцов (Hikvision Қазақстан), Андрей Сафронов (Safety Expert), Ботагоз Касабек (Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі) және басқалар болды. Көрменің алғашқы күнінің тағы бір маңызды оқиғасы «Көліктегі қауіпсіздік» конференциясы. Талқылау барысында көлік объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалып, нөмірлерді тану жүйесі, бейнебақылау, дрондарға қарсы іс-қимыл жүйесі, жолаушылар туралы деректерге кешенді талдау жасау және т.б. аталды. Форум спикерлері қатарында Дмитрий Таранко (SITA), Александр Береснев (Rohde&Schwarz), Дамир Бердібеков (Axis Communications), Алмас Кумбасов (Dahua Technology) бар. Дербес деректердің қауіпсіздігі - «Cyber&Digital Security» жетекші IT конференциясы аясындағы пікірталастардың негізгі тақырыбы. Конференция модераторы болған Денис Степанцев (Цифрлық Қазақстан қауымдастығы). Конференцияның бірінші бөлімі деректерді қорғау саласындағы мемлекеттің стратегиясына, реттеу саласындағы проблемалар мен мүмкіндіктерге арналды. Сөз сөйлеушілер арасында болғандар: Асхат Оразбек (ҚР ЦДИАӨМ вице-министрі), Руслан Абдикаликов (ҚР ЦДИАӨМ), Арман Абдрасилов (НИХ Зерде), Саломе Бахсолиани (Грузия мемлекеттік инспекторының қызметі) және басқалар. Екінші сессия аясында қауіпсіздік жүйелерінің жетекші әзірлеушілері деректерді қорғау саласындағы заманауи тәсілдер туралы сөйлегендер: Валерий Зубанов (Kaspersky Lab), Ищук Валерий (Group-IB), Дмитрий Хомутов (IDECO), Даурен Салипов (Kazdream Technologies), Денис Караваев (Доктор Веб – Орталық Азия) және Тимур Имамбаев (Qazsoc). Kazakhstan Security Systems 2021 стратегиялық серіктесі - Kaspersky Lab. Ресми серіктестер: «CBRN centre» ЖШС, «Доктор Веб – Орталық Азия» ЖШС, «Kazdream Technology» ЖШС, «Kazdream Special Systems» ЖШС, Kompra, THALES, «НПО Центр-Протон» ЖШҚ, «ВДМ Групп» ЖШҚ, «Сафети Эксперт» ЖШС, «Хиквижн Қазақстан» ЖШС, INTANT сауда үйі, Dahua Technology Kazakhstan, SMP Robotics Systems Corp. Ұйымдастырушы - «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы.