Жаңалықтар

KAZAKHSTAN SECURITY SYSTEMS 2022 АТТЫ 8-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ ӨЗ ЖҰМЫСЫН АЯҚТАДЫ

2022 жылғы 19-20 қазанда Конгресс-орталықта (Астана қаласы) Kazakhstan Security Systems атты қауіпсіздік бойынша VIII халықаралық көрме-конференция өтті.

Kazakhstan Security Systems – бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы қауіпсіздік нарығы мамандарының, қауіпсіздік құралдарын тұтынушылардың, мемлекеттік сектор, күштік ведомстволар, бейінді қауымдастықтар мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің басты кездесу орны.

Биыл қазақстандық және халықаралық компаниялар мынадай 6 тақырыптық бөлім бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жаңа техникалық құралдар мен жабдықтарды ұсынды:

● бейнебақылау,
● периметрді күзету және қол жеткізуді бақылау,
● киберқауіпсіздік,
● ғимараттарды автоматтандыру және диспетчерлеу жүйелері,
● өрт қауіпсіздігі,
● құқық қорғау органдарын техникалық жарақтандыру

Қазақстанды, Беларусьті, Германияны, Ресейді, Түркияны, Францияны, Оңтүстік Корея мен Ұлыбританияны қоса алғанда, әлемнің 8 елінен 55 компания көрме экспоненттері болды.

Қатысушылар арасында: CCS Services-Central Asia, 7Generation, АСКОММЕТ, MSSP GLOBAL/KOMPRA, ELCORE DISTRIBUTION KZ, QHSE Akbarys, Multifactor Kazakhstan, KUPIYA.KZ, PULSAR SYSTEMS, NTS Design, ТАЛЕС, INTANT сауда үйі, «Медилэнд» ғылыми-өндірістік фирмасы, Перспектива ҒӨБ, Зенит Системс Қазақстан, LOGITEX-MARKET, РуСИЕМ, Signum Intelligence, АМТ-ГРУП, ОЛЬВИЯ, ВДМ ГРУПП, INTEGRATED BIOMETRICS KOREA және басқа да компаниялар болды.

Қауіпсіздік және биометрия саласындағы жетекші әлемдік компания SUPREMA өзінің басты жаңалығы BioStation 3-ті – қол жеткізуді басқару жүйелеріне арналған жаңа буын оқығышын шығарды.

Көрменің стратегиялық әріптесі «Касперский зертханасы» компаниясы өзінің бірегей жаңалығы Kaspersky Antidrone-ды – автоматты режимде ұшқышсыз аппараттарды лезде анықтау мен сыныптауға арналған нейрондық желіні пайдаланатын дербес шешімді ұсынды.
Бейнебақылау және Заттар интернеті (IoT) зияткерлік жүйелері саласындағы шешімдер мен қызметтерді берушілер арасындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – DAHUA TECHNOLOGY KAZAKHSTAN жасанды интеллект пен белсенді тежеуі бармен Full-color көшелік цилиндрлік IP-бейнекамерасын көрсетті.

Сенімді желілік құрылғылар мен аксессуарларды әлемдік беруші – TP-Link компаниясы сегіз арналы желілік бейнетіркегішті, бейнебақылау жүйесіне арналған көшелік желілік камераны, үйге арналған бұрылатын Wi-Fi камерасын және басқа да көптеген өнімдерін ұсынды.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдары мен басқа да күштік құрылымдардың өкілдерін радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау іс-шараларын материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша қауіпсіздік нарығының басты ойыншыларының бірі CBRN centre компаниясы экспозицияны ChemProX жаңа буын қол химиялық детекторымен және AP4C жауынгерлік уландыратын және уытты заттарды анықтау детекторымен толықтырды.

Техникалық күзет құралдарын әзірлеу, өндіру және жеткізу, күзет кешендерін жобалау және орнату саласындағы көшбасшы – Юмирс компаниясы МУРЕНА-КС инженерлік-техникалық күзет құралдарының кешенін, Радескан-Антидрон 360° автоматты стационарлық кешенін, «МУРЕНА-РПЗ» радиомөлдір қоршауын және басқа да жабдықтарды ұсынды.

Арнайы техникалық құралдардың айналымы саласындағы лицензиаттар қауымдастығы әлемнің жетекші өндірушілерінің жабық экспозициясын ұйымдастырды, сондай-ақ экспозицияға келушілер үшін өзінің жеке іскерлік іс-шараларын өткізді.
Бұған қоса, Kazakhstan Security Systems 4 негізгі конференцияны өткізу алаңына айналды, оған Қазақстаннан және басқа елдерден 44 спикер қатысты.

Көрменің бірінші күні ТТО объектілерінде террористік қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша конференция өтті. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің өкілдері мен қауіпсіздік индустриясының ықпалды компанияларының мамандары баяндама жасады.

Сонымен қатар, «Отын-энергетикалық кешен объектілеріне арналған қауіпсіздік» конференциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның спикерлері мынадай қызықты тақырыптарды талқылады: сыни маңызды объектілер қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, жасанды интеллект базасындағы байланыссыз қол жеткізудің бірегей технологиясы және жобаның типтік емес талаптары үшін нейрожелілерді жеке оқыту.

Қауіпсіздік саласының мамандары «Бейнебақылау: қалалық инфрақұрылым, ритейл және өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін іске асырылған кейстер» атты жалғыз практикалық конференцияға жиналды. Бейнебақылау жөніндегі жетекші компаниялардың сарапшылары операциялық қызметте шешім қабылдауды қалай автоматтандыру, бейнебақылау жүйелерінің өнімділігін қалай арттыру және бейнекамераларды орнатушылардың қандай монетизация көздеріне назар аударуы керек екені туралы практикалық білімімен бөлісті.

Көрменің екінші күні өткен «Cyber & Digital Security» Қазақстандағы жетекші IT-конференциясы басты оқиға болды. Конференцияда реттеуші тұрғысынан дербес деректерді қорғау, индустриядағы нормашығармашылықтың ерекшеліктері, кибер-физикалық қауіпсіздік, кибералаяқтыққа қарсы күрес трендтері мен әдістері және дербес деректердің таралып кетуін болғызбау бойынша бизнес пен мемлекеттің коллаборациясы талқыланды.
Бұған қоса, конференциялар шеңберінде 10 семинар мен таныстырылым өтті, онда көрмеге келушілер ұсынылған экспоненттер мен шақырылған спикерлерге қызықтыратын сұрақтарын жеке қойды.

Kazakhstan Security Systems көрмесінің стратегиялық әріптесі – Касперский зертханасы компаниясы.

Ресми әріптестер: DAHUA TECHNOLOGY KAZAKHSTAN, КАЗИНФОСЕРВИС, SUPREMA, ИКС желіаралық экраны және Kazdream Special Systems.

Іс-шараны ұйымдастырушы – «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы.

Келесі Kazakhstan Security Systems 2023 көрмесі 2023 жылғы 5-6 сәуірда Астана қаласындағы «ЭКСПО» ХКО-да өтеді. www.kss-expo.kz ресми вебсайтында көрмеге қатысуға өтінімдер ашылды