2022 жылғы 21-23 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығында машина жасау және металл өңдеу бойынша «Kazakhstan Machinery Fair 2022» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді.
Көрмеге 300-ден астам қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысады, олар машина жасау мен металл өңдеуге арналған жаңа жабдықтар мен технологияларды, сондай-ақ отандық және шетелдік өндірушілердің дайын өнімдерін ұсынады.
Көрменің негізгі тақырыптық бөлімдері:
- Машина жасау кәсіпорындарының өнімдері
- Металл өңдеуге арналған станоктар мен жабдықтар
- Дәнекерлеу жабдықтары мен материалдары
- Робототехника және автоматтандыру, инжиниринг
- Аддитивті технология. Өнеркәсіптік 3D басып шығару
- Технологиялық жабдықтарды жөндеу және жаңғырту
- Кәсіптік оқыту және біліктілікті арттыру
ККөрменің іскерлік бөлігінің басты оқиғасы Машина жасау саласының өзекті мәселелерін жүйелі түрде шешудің басты Диалогтық алаңы болып табылатын Қазақстан машина жасаушыларының X Мерейтойлық Форумы болмақ. Іскерлік бағдарлама аясында компаниялар басшыларының-жетекші өнеркәсіптік ойыншылардың, салалық қауымдастықтардың және бейінді мемлекеттік институттардың қатысуымен панельдік пікірталастарды, салалық конференциялар мен дөңгелек үстелдерді қоса алғанда, барлығы 30-дан астам іс-шара өтеді. Пікірталас орталығында - машина жасау саласын дамытудың өзекті мәселелері, өндірісті роботтандыру мен автоматтандыру, мемлекеттік қолдау шаралары, жаһандық трендтер мен халықаралық кооперация.
Көрменің тұсаукесері 2021 жылы өтті, жалпы ауданы 7 220 ш. м. және әлемнің 13 елінен (Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қытай, Польша, Ұлыбритания, Германия, Дания, АҚШ, Чехия, Швейцария және Швеция) 185 экспонент болды. Іс-шараға Қазақстанның 25 қаласынан және 10 шет елден келген мамандар келді, 60 спикердің қатысуымен 27 іскерлік іс-шара өтті. Ұжымдық стендтер аясында Ресей Федерациясының бірқатар аймақтарының кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынды: Свердлов облысы, Пенза облысы, Башқұртстан Республикасы және Удмуртия Республикасы.
Көрме аудитінің қорытындысы бойынша UFI дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығы іс-шараға көрменің жоғары ұйымдастырылу деңгейін және статистикалық деректерінің анықтығын растайтын «UFI International Approved Event» мәртебесін берді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар Одағы және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы ұйымдастырады.
Көрмеге қатысу туралы қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:
www.kmfexpo.kz