«Kazakhstan Machinery Fair 2022» - Қазақстан мен Орталық Азияның машина жасаушылары үшін басты оқиға.
2022 жылғы 21-23 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығында машина жасау және металл өңдеу бойынша «Kazakhstan Machinery Fair 2022» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді.
Көрмеге 300-ден астам қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысады, олар машина жасау мен металл өңдеуге арналған жаңа жабдықтар мен технологияларды, сондай-ақ отандық және шетелдік өндірушілердің дайын өнімдерін ұсынады.
Көрменің негізгі тақырыптық бөлімдері:
Машина жасау кәсіпорындарының өнімдері
Металл өңдеуге арналған станоктар мен жабдықтар
Дәнекерлеу жабдықтары мен материалдары
Робототехника және автоматтандыру, инжиниринг
Аддитивті технология. Өнеркәсіптік 3D басып шығару
Технологиялық жабдықтарды жөндеу және жаңғырту
Кәсіптік оқыту және біліктілікті арттыру
ККөрменің іскерлік бөлігінің басты оқиғасы Машина жасау саласының өзекті мәселелерін жүйелі түрде шешудің басты Диалогтық алаңы болып табылатын Қазақстан машина жасаушыларының X Мерейтойлық Форумы болмақ. Іскерлік бағдарлама аясында компаниялар басшыларының-жетекші өнеркәсіптік ойыншылардың, салалық қауымдастықтардың және бейінді мемлекеттік институттардың қатысуымен панельдік пікірталастарды, салалық конференциялар мен дөңгелек үстелдерді қоса алғанда, барлығы 30-дан астам іс-шара өтеді. Пікірталас орталығында - машина жасау саласын дамытудың өзекті мәселелері, өндірісті роботтандыру мен автоматтандыру, мемлекеттік қолдау шаралары, жаһандық трендтер мен халықаралық кооперация.
Көрменің тұсаукесері 2021 жылы өтті, жалпы ауданы 7 220 ш. м. және әлемнің 13 елінен (Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қытай, Польша, Ұлыбритания, Германия, Дания, АҚШ, Чехия, Швейцария және Швеция) 185 экспонент болды. Іс-шараға Қазақстанның 25 қаласынан және 10 шет елден келген мамандар келді, 60 спикердің қатысуымен 27 іскерлік іс-шара өтті. Ұжымдық стендтер аясында Ресей Федерациясының бірқатар аймақтарының кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынды: Свердлов облысы, Пенза облысы, Башқұртстан Республикасы және Удмуртия Республикасы.
Көрме аудитінің қорытындысы бойынша UFI дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығы іс-шараға көрменің жоғары ұйымдастырылу деңгейін және статистикалық деректерінің анықтығын растайтын «UFI International Approved Event» мәртебесін берді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар Одағы және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы ұйымдастырады.
Көрмеге қатысу туралы қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: