Жаңалықтар

BUSINESS TECHNOLOGY EXPO: КӨРМЕНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Business Technology Expo бизнеске арналған технологиялар мен идеялардың халықаралық көрмесі 5-6 сәуірде Астана қаласындағы «EXPO» ХКО-да табысты өтті. Бұл бизнес иелері болашақта өз ұйымдарын нығайтуға көмектесетін технологиялық шешімдер туралы толық түсінік ала алған Қазақстандағы жалғыз көрме.

Көрмеде бизнес иелеріне ауқымы мен саласына қарамастан, уақыт талабына сай дамуға көмектесетін ең жаңа технологиялық шешімдер мен идеялар көрсетілді. Қазақстандық және халықаралық өндірушілер мен өнім берушілер маркетинг және сатылымдар; жобаларды басқару; қаржылық технологиялар және есепке алу жүйелері; HR-технологиялар; IT-инфрақұрылым мен бұлтты шешімдер саласындағы шешімдердің кең спектрін ұсынды.

Қатысушылар арасында Yandex Cloud, Cloud24, OnlyOffice, Conteq, LiveDune, Битрикс24, Almexost Kazakhstan, ITsheff, OneCode сияқты және басқа да көптеген компаниялар болды. Іс-шара шеңберінде жаңа технологиялардың көрсетілімдері және сарапшылардан консультациялар өткізілді, бұл келушілерге компанияның тиімділігін арттыруға және бәсекелестер алдында артықшылық алуға көмектесетін технологиялық шешімдер туралы толық түсінік алуға мүмкіндік берді.

Қазақстанның 18 қаласы мен әлемнің 11 елінен 3400-ден астам сала маманы осы екі күнде көрме мен конференцияға келді, бұл іс-шараға деген үлкен қызығушылық пен оның тақырыбының маңызды екенін дәлелдейді. Бір компанияға келушілердің тығыздығы шамамен 46 адамды құрады. Келушілердің 46%-ы көрмеге бизнесі үшін өнімдер/көрсетілетін қызметтер мен жаңа шешімдерді іздеу мақсатында келді. Келушілердің 68%-ы өнімді сатып алу туралы шешімге ықпал етеді немесе өз бетінше шешім қабылдайды.
Business Technology Expo көрмесіндегі компаниялардың жаңа өнімдері

Көрмеге қатысушылар – «Yandex Cloud» компаниясы инфрақұрылымды масштабтауға арналған шешімдерін, деректерді сақтау сервистерін, машиналық оқыту құралдары мен әзірлеу құралдарын ұсынды.

Тағы бір қатысушы компания «Битрикс24» болды, ол компанияның жұмысын автоматтандыруға арналған құралдардың толық жиынтығын ұсынды. Оның сервисі міндеттердің орындалуын бақылауды, ішкі мессенджер мен бейнеқоңырауларды, сатылымдарды басқаруды, құжаттарды бұлттық сақтауды, бизнес-процестерді автоматтандыруды, оқиғалар күнтізбесін және ортақ бағдарламада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін басқа да құралдарды қамтиды.

«LiveDune» компаниясы да көрмеге қатысып, әлеуметтік желілерді басқару мен талдауға, сондай-ақ бәсекелестердің әлеуметтік желілерін мониторингтеуге мүмкіндік беретін өзінің сервис-комбайнын көрсетті. Көрме шеңберінде өзінің және бәсекелес аккаунттардың статистикасын қадағалау, жеке тапсырыс бойынша есептер мен автопостинг жасау, түсініктемелер мен хабарларды бір терезеде модерациялау мүмкіндігі көрсетілді.
«OnlyOffice» компаниясы да көрмеге қатысып, мәтіндік құжаттардың, кестелер мен таныстырылымдардың онлайн-редакторларын, толтырылатын нысандардың редакторы мен PDF конвертерін қамтитын өзінің кеңселік БҚ-сын көрсетті. Софт құжаттарды бірлесіп редакциялау үшін көптеген мүмкіндіктерді, сондай-ақ командалық жұмыстың жоғары тиімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық бизнес-процестерді басқару үшін қажетті құралдарды ашады.

Іскерлік бағдарлама

Көрме шеңберінде келушілерге «BT Conference: Marketing&Sales» және «BT Conference: СloudTech, HRTech» атты екі конференцияны қамтыған мазмұнды іскерлік бағдарлама ұсынылды.
«BT Conference: Marketing&Sales» конференциясында Astana Marketing Club қазақстандық кәсіби қоғамдастығының спикерлері – Альбина Бунеску мен Айнұр Әшімова сөз сөйледі, олар ілгерілетуге арналған құралдарды, деректер талдамасын және клиенттерді тарту әдістерін талқылады. Сергей Востриков (Битрикс24 компаниясының Маркет және интеграция бағытының жетекшісі) тыңдаушыларға бизнесті автоматтандыру және CRM не үшін қажет екендігі туралы айтып берді. Артем Токарев (Livedune компаниясының Орталық Азиядағы коммуникация бөлімінің басшысы) технологиялар жарнаманың тиімділігін шынайы бағалауға қалай көмектеседі деген тақырыпта сөз сөйледі. Конференция Astana Marketing Club-пен әріптестікте ұйымдастырылды.

«BT Conference: СloudTech, HRTech» конференциясы HR, қаржылық технологиялар, құжат айналымы саласындағы IT-технологияларға, әлемдік үрдістер мен сала көшбасшыларының іске асырылған кейстерінен ұсынымдарға арналды. Алексей Калинников (Yandex Cloud компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі менеджері) CloudTech секциясының модераторы болды, ол «Шағын және орта бизнеске арналған жария бұлт: жиі қойылатын сұрақтарды талдаймыз» тақырыбымен конференция ашты. Секция спикерлерінің арасында: Андрей Эриксонович Цой (Business Development Manager Сloud24.kz), Дмитрий Яковлев (ITSheff.kz компаниясының техникалық директоры), Владимир Десятник (Бұлтты шешімдер компаниясының даму жөніндегі директоры). HRTech секциясы Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі халықаралық технопаркі – Astana Hub-пен әріптестікте ұйымдастырылды. Дания Ахметова (HRD Astana Hub атқарушы кеңсесінің директоры) конференцияның модераторы болды. Сарапшы спикерлер рекрутингті және онбодингті автоматтандыру, DataArt: жаһандық рекрутмент практикасы, Digital Assesment-ті дамыту және CODIFY-дағы рекрутинг процестеріне AI құралдарын қалай енгізу керек деген тақырыптарды талқылады.

Business Technology Expo көрмесіне келу және іскерлік бағдарламаның іс-шараларына қатысу осы серпінді, алуан түрлі нарықтың барлық қатысушыларына өз міндеттерін шешу үшін мүмкіндіктер табуға, қажетті жабдықтар мен технологияларды берушілерді таңдауға, сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктерді талқылауға, сенімді түрде алға жылжу үшін қажетті өзекті практикалық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Қатысушылардың стендтеріндегі аншлаг пен келушілердің, қатысушылар мен спикерлердің оң пікірлері Business Technology Expo көрмесі Қазақстандағы бизнес-технологиялар индустриясының сұранысқа ие бизнес-алаңы екенін дәлелдейді. Мұнда жаңа әріптестерді тауып, жұмыс істеп жүргендерімен кездеседі, кәсіби ақпаратпен алмасады. Business Technology Expo көрмесі еліміздің түкпір-түкпірінен келген мамандарды біріктіріп, жағымды эмоциялар мен жаңа идеяларға толы бірегей атмосфера жасады.

Көрмені ұйымдастырушы – UFI дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығының қазіргі мүшесі және Қазақстандағы конгресс-көрме іс-шараларын ұйымдастыру саласындағы жетекші компаниялардың бірі болып табылатын «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы.

Келесі Business Technology Expo 2024 көрмесі 2024 жылғы 3-5 сәуірде «EXPO» ХКО-да өтеді.